Жаңа жыл түнінде елімізде 240 бала дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, Қазақстанда 125 ұл және 115 қыз дүниеге келді. Ең көп нәресте Түркістан облысында туған – 44 бала, екінші орында Атырау облысы – 29 бала, Алматыда – 28 сәби, елордада 17 бала дүниеге келген.