Мереке күні Түркістан облысы ПД-нің жеке құрамы күшейтілген түрде қызмет атқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тәртіп сақшылары құқықтық тәртіпті, тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуді басты назарға алды. Сондай-ақ түрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізді.
Мәселен 31 желтоқсан күні Түркістан облысында 15 қылмыс тіркеліп, оның 10-ы ашылды. Сонымен қатар облыс бойынша 1023 әкімшілік хаттама толтырылды. Мас хәлде көлік басқарудың 1 жағдайы анықталды. Айыптұраққа 13 автокөлік қойылды.