• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қаңтар, 2023

Құбырдағы апат: құтқарушылар оқиға орнына жұмылдырылды

244 рет
көрсетілді

Екібастұз құтқарушылары құбырдағы апаттың салдарын жойып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2023 жылдың 3 қаңтарында сағат 6-да Екібастұз құтқарушылар гарнизонының күшімен зақымдалған учаскеден су айдау жұмыстары жүргізілуде. Сағат 11-де «Горводаканал» МКК және «Инженерлік желілер» ЖШС қызметкерлері зақымдалған учаскені ауыстыру және диаметрі 500 мм техникалық су құбырын ажырату бойынша жөндеу жұмыстарын бастады. Сыртқы ауаның температурасы - 2 С. апат болған жерде ТЖД, «Горводаканал» МКК 58 адамы және 16 бірлік техника күштері мен құралдары жұмылдырылған», деп хабарлады ТЖД.

Ведомствоның мәліметінше, сағат 16:00-де жылу желісін қоректендіру резервуарларындағы су деңгейі 7,5 метрді құрады.

«ЖЭО резервуарларын қуаттандыру сағатына 900 тоннаны құрайды (жылу желілерін қуаттандыру сағатына 600 тонна). Қазіргі уақытта қоректендіру диаметрі 150 мм (сағатына 150 тонна) ауыз су құбырынан жүргізіледі. Вахталық және командалық-штабтық машина базасында жылыту пункті ашылды, «Vita» еріктілері ыстық тамақ ұйымдастырды. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істейді. Апат орнына облыс, Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы да жетті», деп хабарлады ТЖД.