• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Қаңтар, 2023

Қазақстанда ауа райына байланысты бірқатар тасжол жабылды

323 рет
көрсетілді

Ауа райының нашарлауына байланысты тасжолдардың 109 учаскесі жабылды, оның 41-і республикалық және 68-і облыстық маңызы бар жол, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолдарда төтенше жағдайды жою бойынша республикалық штаб құрылды. Қазір штабтар әр өңірде жұмыс істеп жатыр. Блок-бекеттерде 600 бірлік автокөлік жиналды. 

Ағымдағы тәулікте құтқару бөлімшелерімен 695 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Оның ішінде 137 бала (Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Қарағанды және Абай), 146 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды.

Тұрғындарды эвакуациялау үшін тасжолдардың жабық учаскелерінде 846 уақытша жылыту пункттері дайындалды. Сондай-ақ 99 бірлік техника (Вахтовка және Кунг) дайын тұр.

Уақытша жылыту пункттерінде 171 адам, оның 4-і бала (Жамбыл облысы, Абай облысы, Ақмола, Қостанай, Павлодар).

«Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 232 СМС-хабарлама жіберілді. Сондай-ақ «Дармен» мобильдік қосымшасы арқылы 94 хабарлама жіберілді. Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 1000-нан аса адам және 600-ге жуық ТЖМ, ЖАО және ІІМ техникасы жұмылдырылды. Жол қызметтері жолды тазарту жұмыстарын жалғастырып жатыр», делінген министрлік хабарламасында.