Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Асхат Аймағамбетов 2022 жылдың 11 маусымынан бері Оқу-ағарту министрі қызметін атқарды.
Экс-министр 1982 жылы 14 маусымда Қарағанды облысында дүниеге келген. 2003 жылы Е. Букетов атаныдағы ҚарМУ-ді «Тарихшы, тарих мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тағы бір жарлығымен Ғани Бейсембаев жаңа Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.