Зардап шеккен адамдар жылыту пункттеріне орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Екібастұз маңындағы Шідерті кентінде 118 автокөлік тұрып қалған, оның ішінде 26 жүк және 87 жеңіл көлік, 5 автобус бар. Адамдардың жалпы саны 225, оның ішінде 15-і бала», деп хабарлады Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір өңірде үш жылыту пункті іске қосылды: «Сарухан», «Ақжол» қонақүйлері және Шідерті кентінің мешіті, онда 86 адам (35 адам, оның ішінде төрт бала - «Сарухан» қонақүйінде, 16 адам - «Ақжол» қонақүйінде және 35 адам, оның ішінде 2 бала - кент мешітінде) орналасқан.
Айта кетсек, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ қызметкерлері автожолды төрт аралас жол машинасымен және бір жеңіл автомобильмен, К-700 (МТЗ) төрт тракторымен қардан тазартып жатыр.
«ТЖД күштері мен құралдары (5 қызметкер және 2 бірлік техника), жергілікті полиция қызметі (7 қызметкер және 4 бірлік техника), әкімдік қызметкерлері (3 адам және 2 Машина) жұмылдырылды. Жергілікті атқарушы органдар Шідерті кентінің мектеп асханасында ыстық тамақ ұйымдастырды», деп толықтырды ТЖД.