Ауа райының нашарлауына байланысты ШҚО ТЖД-да төтенше жағдайларға жедел ден қою жөніндегі штаб құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыста 10 уақытша жылыту пункті жұмыс істейді, 700-ден астам құтқарушы техникасы дайын.
Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы СМС-хабарламаларды «Дармен» мобильдік қосымшасы арқылы тарату жүзеге асырылды.
Өңірде дауыл туралы ескерту сақталады. Қазіргі уақытта автожолдардың 10 учаскесі жабылды:
1. Предгорное-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы
2. Герасимовка ауылы-Семей қаласы
3. Қалбатау-Қ. Қайсенов
4. Ушанов ауылы-Серебрянск қаласы (20-00 04.01. 06-00 05.01 дейін)
5. Тарғын-Самар
6. Абай облысы – Шемонаиха шекарасы
7. Шемонаиха-Секисовка
8. Шемонаиха-Үлкен Өзен
9. Өскемен-Таулы Үлбі-Северное (20-00 04.01. 06-00 05.01 дейін)
10.Кенсай ауылы-Тасбастау ауылы
Азаматтардың өтініш беруі үшін 55-38-19 телефоны жұмыс істейді.
ШҚО ТЖД Халықты тәуекелге бармауға және елді мекендерден тыс жерлерге барудан бас тартуға шақырды.