• RUB:
    5
  • USD:
    492.17
  • EUR:
    522.39
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қаңтар, 2023

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсті

484 рет
көрсетілді

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 60 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін артты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ЕТЖ-дан төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз етуге міндетті. Осының арқасында түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін жалақысы 70 мың теңгеге дейінгі 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің ақшалай кірістері өседі.

Бірінші кезекте ЕТЖ көтерілуі «жалақысы төмен» қызметкерлерге қатысты болады. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, ЕТЖ еңбек саласындағы ең төменгі әлеуметтік стандарт және жыл сайын тиісті қаржы жылына сәйкес «Республикалық бюджет туралы» заңмен белгіленеді.

Соңғы жаңалықтар