• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қаңтар, 2023

Биыл қандастарға қанша квота бөлінгені белгілі болды

790 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда:

қандастарды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасы - 1925 адамды; қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасы - 6727 адамды құрады.

Айта кетсек, биыл қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау квоталары ұлғайтылды. Мәселен, 2022 жылы қандастарды қабылдауға арналған өңірлік квота - 1499 адам, ал қоныс аударушыларды қабылдауға арналған өңірлік квота - 6587 адам болып белгіленді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, 2022 жылдың 1 желтоқсанына Қазақстанға 17 888 этникалық қазақ оралып, қандас мәртебесін алды. Ал 1991 жылдан бастап республикаға 1 млн 105,7 мың этникалық қазақ оралды.