• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қаңтар, 2023

Жаңатастағы ТЖ: тұрғын үйлерге жылу беріле бастады

205 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімшілік орталығы - Жаңатаста төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Қаладағы тұрғын үйлерге жылу беріле бастады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сарысу ауданына сапары барысында жауапты тұлғаларға электр энергиясы мен жылу беру мәселелерін жедел шешуді тапсырды.

«Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде электр қуаты қайта беріле бастады, енді жылумен жабдықтау шаралары жүзеге асырылып жатыр», делінген әкімдік хабарламасында.

Қазіргі уақытта «ЖаңатаСуЖылу» МКК сумен және жылумен жабдықтау жүйесін толтыра бастады, айналым сорғыларының қызметін қалыпқа келтіру жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Қаланың жылумен жабдықтау жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу және барлық үйлерді бір тәулік ішінде жылытуға толық қосу жоспарланған.

Еске сала кетсек, 3 қаңтарда қатты желдің салдарынан Жаңатаста электр бағаналары құлап қалған. Бұл электр желілерінде тиісті кернеудің таралуына кедергі келтірді. Нәтижесінде жылумен жабдықтау жүйесінен суды ағызу туралы шешім қабылданды. Қала жарық пен жылусыз қалды, өңірде табиғи төтенше жағдай режимі енгізілді.