• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Қаңтар, 2023

Балалардың брайль кітабы

471 рет
көрсетілді

Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы арнаулы бөлімінің әлеуметтік қызметкері Саида Құсайынованың балаларға арнап брайль жүйесінде дайындаған ертегі кітапшалары көру қабілеті төмен жас оқырмандарға жаңа жылдық сый болды.

Бұған дейін барлығы 8 кітапша дайындап шық­қан Саида – Орал қаласын­дағы зағип және нашар көретін балаларға арналған мек­тептің түлегі. Биыл 30 жас­қа толған ол өз еңбек­терін оқушылардың қы­зы­­ғушылығына қарай орындайды, мысалы зағип балаларды қуанту үшін ол бес ертегі кітапшасымен бірге, Түрік қағанаты мен Мо­царттың өмірбаяны кі­тап­шасын және бір көр­некі құрал құрастырып ұсынды.

– Балалар жаңа жылға сыйлықтар күтеді. Мен де олардың көңіл күйін көтеруге тырыстым. Ба­ла­­ларға арналған бұл кі­тап­шалар қол моторика­сын дамытып, олардың оқу­ға қы­зы­ғушылығын арттырады деп сенемін дей­ді, – Саида Құсайынова.

2019 жылдан бері кі­тап­хананың арнаулы бө­лімінде брайльдан қосымша сабақ жүр­гізетін Саида зағип ба­ла­­ларға қуа­ныш сыйлау­мен қатар, олар­дың руха­ни көкжиегін кеңейтетін басқа да тың жобаларды қолға алмақ.

 

Маңғыстау облысы