• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қаңтар, 2023

Қостанай облысында ауа райына байланысты тасжол жабылды

236 рет
көрсетілді

Мұнда 16 техника мен 16 адам кезекшілік етіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сағат 10:00-ден бастап ауа райының нашарлауына, желдің және боранның күшеюіне байланысты А-16 Жезқазған – Петропавл жолының 252-учаскесінде республикалық маңызы бар автокөліктің барлық түрі үшін тасжолды жабу туралы шешім қабылданды»,  деп хабарлады Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінен.

Бұған дейін облыстың 13 ауданында қарлы боран салдарынан 82 елді мекенге қатынайтын жолдардың жабылғаны хабарланған еді.