Қазақстандық синоптиктер 7-9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің барлық аумағында қар жауады.
«Республика аумағында боран, көктайғақ, батыста және оңтүстікте тұман болады деп болжануда. Бірақ 7 қаңтарда жауын-шашынның біртіндеп тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді», делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамына сәйкес термометрлердің бағандары:
батыста, орталықта -20 дейін...-28°С; солтүстік-батыста, солтүстікте -25 дейін...-33°С; шығыста -5 дейін...-13°С; оңтүстікте -0-ге дейін...-10°С дейін төмендейді.