• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қаңтар, 2023

Түркістан және Жамбыл облысының таулы аймақтарында су деңгейі көтеріледі

467 рет
көрсетілді

Синоптиктер Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7 қаңтарда Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында аралас жауын-шашын және оң ауа температурасының болжамына байланысты еңіс ағынының қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ еліміздің 19 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.