Бұған дейін Үржар ауданы Бестерек ауылдық округіне қарасты таулы аймақта 1 отбасы (3 адам) тауға серуенге шығып, қалың қар мен боранның салдарынан хабарсыз кеткен еді, деп жазады Egemen.kz.
Адамдардың хабарсыз жоғалып кеткендігі туралы отбасының таныстары хабарлағаннан кейін, төтенше жағдайлар қызметі мен «Тарбағатай» ұлттық паркінің қызметкерлерінен құрылған арнайы құтқарушылар тобы іздеуге аттанған.
Құтқарушылар тобының жедел әрекет етуінің нәтижесінде жоғалған адамдар табылды. Тиісті қызметтердің біріккен жұмысының нәтижесінде 1 отбасы аман-есен үйлеріне оралды.