Бүгін, 9 қаңтарда қала полициясына әуежай ғимаратында, ауруханаларда, кітапханаларда және басқа да нысандарда жарылғыш заттар қойылғаны туралы қоңыраулар келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полицейлер қоңырауларды мұқият тексерді, олардың барлығы жалған болып шықты.
«Қазіргі уақытта полиция осы қылмысқа қатысы бар күдіктінің жеке басын анықтап жатыр. ҚР ҚК-нің 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.