• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Қаңтар, 2023

Сенаторлар қорғаныс-өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысымен танысты

179 рет
көрсетілді

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Қайрат Қожамжаров «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» және «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» отандық қорғаныс-өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зауыт жұмысшылары кездесу барысында қорғаныс өнеркәсібі туралы салалық заңдағы мемлекеттік қорғаныс тапсырысын алуға байланысты әлеуетті органдар тарапынан туындайтын проблемалық мәселелерді көтерді.

Сенаторлар өз кезегінде отандық қорғаныс кәсіпорындарын кешенді дамыту қажеттігін атап өтті. Олардың өнімдері бәсекеге қабілетті және біздің әскеріміз ғана емес, аймақтағы басқа мемлекеттердің тарапынан да мойындалуы тиіс. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаһандық шиеленіс өсе түскен кезде Қазақстанға Қарулы Күштерді кешенді және жүйелі дамыту мен олардың жауынгерлік әзірлігін қажетті деңгейде ұстап тұруды қамтамасыз ету қажет екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Сондықтан еліміз Президенттің бұл тапсырмасын іске асыру көбінесе отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің біздің әскеріміздің қажеттіліктеріне қаншалықты тез бейімделе алатынына байланысты болады», деп атап өтті Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Парламент депутаттары сонымен қатар Астана қаласындағы мамандандырылған ТЖД №1 өрт сөндіру бөлімінде де болды. Оларға қолданыстағы техника, құтқарушылардың құрал-жабдықтары мен кәсіби даярлық шеберліктері көрсетілді. Кездесуде сондай-ақ проблемалық мәселелер бойынша пікір алмасу да өрістеді.

Депутаттар кездесу соңында ТЖ органдарын дамыту үшін өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды қайта жарақтандыруға байланысты мәселелерді кезең-кезеңімен шешу мақсатында мемлекеттен қосымша қаржы бөлудің маңыздылығын атап өтті.