• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Технология 10 Қаңтар, 2023

Open API мен Open Banking дамиды

229 рет
көрсетілді

Қазақстан Ұлттық банкі төлемдер және қаржылық технологияларды дамыту орта­лығымен бірлесіп, Open API мен Open Banking-ті 2023-2025 жылдары Қазақстанда дамыту тұжырымдамасын әзірлеу мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Басқосуға Қаржы нарығын реттеу және дамы­ту агенттігінің, Бәсекелестікті дамыту және қор­ғау агенттігінің өкілдері қатысты. Ал Қазақ­стан қаржыгерлерінің қауымдастығы нарыққа қаты­сушылардың мүддесін жеткізді.

Қатысушылар Open API технологиясын қол­дану арқылы қаржы секторын дамытудың заманауи үлгілері мен Open Banking тұжырымдамасын талқылап, жаңа бастамалар негізінде Қазақстанда цифрлық қаржылық инфрақұрылымды құру перспективаларын сөз етті.

Open API мен Open Banking жобалары клиент­ке қаржылық қызметтерді алу үшін клиенттің жеке деректерін әртүрлі қаржы институттары арасында қауіпсіз және тиімді тасымалдау мүмкіндігін беруге бағытталған. Мұндай алмасу қауіпсіз ортада стандартталған ашық бағдарламалау интер­фейстерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ашық банкинг жаңа төлемдер мен қаржылық қызметтерді жүргізуге, әкімшілік, сәйкестік және транзакциялар үшін уақыт пен операциялық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Open API мен Open Banking тұжырымдамасы Қазақстандағы ашық банкингті дамытудың негіз­гі тәсілдері мен пайымын, ашық банктік интер­фейстерді енгізу бойынша нақты қадам­дар мен шараларды және осыған қажетті инфра­құрылымдық әрі реттеу тәсілдердін қамтиды.