• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қаңтар, 2023

Елімізде 122 тасжол учаскесі жабық тұр

250 рет
көрсетілді

10 қаңтар сағат 06:00-дегі жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну, көктайғақ) тасжолдардың 122 учаскесі жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну, көктайғақ) тасжолдардың 122 учаскесі жабылды, оның ішінде дизельді және қоғамдық көлік түрлері үшін республикалық маңызы бар 42 учаске», деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметінен.

Қарағанды облысында 57 бірлік техника жиналып қалды (Теміртау қаласынан шыққан кезде).

Бір тәулікте құтқару бөлімшелері 7 адамды, оның ішінде 5 баланы (Қостанай – 7/5) эвакуациялады.

Уақытша жылыту пункттерінде 56 адам орналастырылды, оның ішінде 11 бала (Ақмола облысы – 49/6, Қостанай облысы – 7/5).