• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Қаңтар, 2023

Таиландқа баратын туристерден вакцинация сертификаты талап етілмейді

161 рет
көрсетілді

Бұл туралы Таиландтағы Қазақстан елшілігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Таиландтың Денсаулық сақтау министрі А. Чарнвиракул «Таиландқа келетін туристерден вакцинация сертификаты талап етілмейді» деп мәлімдеді. Алайда Таиландқа кірген кезде олардан ПТР тестінен өту талап етілуі мүмкін. Бұл барлық туристерге қатысты. Соның ішінде шетелден оралған тай азаматтары үшін де өзекті», деп жазылған елшілік өкілдері таратқан хабарламада.