WTA 250 Hobart International турнирінің бірінші айналымында қазақстандық теннисші Юлия Путинцева америкалық Клэр Люді жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кездесудің есебі – 6:2, 6:4
«Путинцева WTA әлемдік рейтингінде 51-орында, Лю 59-орында тұр. Матч бір сағат 34 минутқа созылды. Біздің спортшымыз үш эйс жасап, үш брейк-пойнтты орындады», деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясынан.
Қазақстандық спортшының екінші айналымдағы қарсыласы кейін белгілі болады.