• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қаңтар, 2023

Қазақстанда жұмыссыз әйелдер саны өскен

705 рет
көрсетілді

Өткен жылдың үшінші тоқсанында жұмыссыз халық саны 450,3 мың адамды құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға аз. Қазақстанда жұмыссыздар саны екінші жыл қатарынан азайып келеді, бұл ретте 2019 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда көрсеткіш әлі де 1,9%-ға жоғары, деп хабарлайды Egemen.kz.

Energyprom деректеріне қарағанда Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі бір жыл ішінде айтарлықтай өзгерген жоқ. 2022 жылдың үшінші тоқсанында 4,9%-ды құрады, бұл ретте 2020 жылдың тиісті кезеңінде көрсеткіш 5%-ға жетті. Ал 2019 жылдың үшінші тоқсанында ол 4,8%-ды құрады.

Өңірлік бөліністе 2022 жылдың үшінші тоқсанында жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі, дәлірек айтқанда 5,3%-ы Түркістан және Маңғыстау облыстарында байқалды. Сондай-ақ Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында жұмыссыздық деңгейі 5%-дан асты.

Өңірлер арасында жұмыссыздықтың ең төмен деңгейі Ұлытау облысында байқалды: 4,1 %. Одан кейін Қарағанды облысы (4,3 %) және Астана (4,5%).

Айта кетерлігі, өткен жылы қалалардағы жұмыссыздық деңгейі ауылдарға қарағанда жоғары болды: 4,9% (қалалар), 4,8% (ауылдар). Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда биыл қалаларда жұмыссыздық деңгейі төмендеді, ал ауылдарда керісінше өсті.

Қалалық жерде жұмыссыз халық саны бір жыл ішінде 0,7%-ға, 271,2 мың адамға дейін қысқарды, ал ауылда 0,8%-ға, 179,1 мың адамға дейін өскен.

Гендерлік тұрғыдан алғанда, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі (5,7%) ерлер деңгейінен (4,1%) едәуір жоғары, бұл 2012 жылдан бергі ең үлкен айырмашылық. Бір жыл бұрын әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 5,5%-ды, ал ерлер деңгейі 4,3%-ды құраған.

Қазақстанда жұмыссыз әйелдер саны бір жылда бірден 4,3%-ға өсіп, 2022 жылдың үшінші тоқсанында 257,4 мың адамға жетті, ал жұмыссыз ерлер саны 5,5%-ға, 192,9 мың адамға дейін қысқарды.