Турист қар көшкіні түскен Алмарасан тау шатқалына жеке өзі жалғыз барған, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2023 жылдың 7 қаңтарында 1983 жылы туған турист әйел тауларға, «Терра» алаңына жалғыз өзі шықты. Жеке құрамның 11 құтқарушысы, оның ішінде 1 кинологиялық есептоптан тұратын жедел топ құтқаруға шығып, туристті тауып алды», делінген хабарламада.