• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қаңтар, 2023

Маңғыстау облысында полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды

439 рет
көрсетілді

9 қаңтарда Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, 9 қаңтарда ҰҚКД және ПД жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде Бейнеу ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Т.Есбағанбетов қамауға алынды. Полиция хабарлағандай, ол пара алу кезінде ұсталған.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.