• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Қаңтар, 2023

Ұзынтұралар турнирі

232 рет
көрсетілді

Қостанайда 11-ден 16 жас­қа дейінгі мектеп оқу­­шыларының «Shans Winter Cup» респуб­ли­калық тур­нирі мәреге жетті. Үш спорт ғимара­тын­да үш күн бойы өткен ұзын­тұра­лардың доп додасына Астана, Алматы, Ақ­төбе, Қостанай қалала­рындағы 5 жекемен­шік мек­тептен 17 команда қатыс­ты.

Облыстық спорт басқармасы маманда­рының айтуынша, тур­нир­­дің қалалық кезеңі бастал­ған үш айдың ішінде шәкірт­тердің шеберлік деңгейінің едәуір өскені байқалады, ко­ман­далардың ойын өрнегі де айшықтала түскен. Бұл орайда мамандар дене шы­нық­тыру мұғалімдерінің еңбегі орасан зор дейді.

Турнир барысында бала­лардың ойын техникасын жақсы меңгергені айқын аңға­рылып тұрды. Шалт қимылдап, шапшаң шабуыл­дап, тактикалық ойын­ның озық үлгі­сін көрсете біл­ген командалар да бар­шы­лық. Командалар үш күннің ішінде 50 ойын өткізді.

Нәтижесінде, 2007-2008 жылы туған жасөспірім оқу­шы­лар арасында бірінші орын­ды «Aqtobe Junior» командасы, екінші орынды «Спарта», үшінші орынды «Vista» командасы жеңіп алды. Сондай-ақ 2009-2010 жылы туған балалардың жа­ры­сында нәтижелі ойын өр­не­­гін көрсете білген «ADK», «Vista» және «Легион» командалары ал­дыңғы үштіктен көріне білді.

10-11 жастағы балғындар арасында өткен ойындарда ас­таналық «Vista» командасы жеңімпаз атанды. Ал Исхан Са­маев, Георгий Резников, Геор­­гий Марченко, Александр Ионов сынды балақайлар тур­нир­­дің ең үздік ойыншысы деген ма­рапатқа ие болды.

 

ҚОСТАНАЙ