Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов қазақстандық мұнайды Германияға экспорттау мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, мұнайды жылына 1,5 миллион тоннаға дейін экспорттау жаспарда бар.
«Біз алты миллионға дейін экспорттай аламыз, бірақ Германияның қажеттілігі, әрине, жоғары. Бұл ретте ол экспортты бастау үшін Ресейден жауап керек, өйткені мұнай олардың аумағы арқылы тасымалданады. Біз ауызша келісімді алдық, менің ойымша, ешқандай мәселе туындамайды», деді Болат Ақшолақов.
Министрдің айтуынша, бірінші мұнай партиясы рұқсат алған бойда жөнелтіледі және көлік ұйымдарына да тиісті келісімдерге қол қою қажет болады.