• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Қаңтар, 2023

Петропавлда қоғамдық көлік жол апатына ұшырады

257 рет
көрсетілді

10 қаңтарда Петропавл қаласында Назарбаев-Бөкетов көшелерінің қиылысында LADA Niva көлігі мен 7 жолаушысы бар №7 маршруттық автобус соқтығысып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Ешкім медициналық көмекке жүгінбеген.

«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша (Көлік құралдарының жүргізушілерінің жол жүрісі ережелерін бұзуы, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдануы) бойынша материал жиналды», делінген ІІМ таратқан хабарламада.