Қазақстанның Тәжікстандағы елшілігінің бастамасымен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясының өнер шеберлерінің концерті өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салтанатты шараға Тәжікстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының, БАҚ өкілдері және елде аккредиттелген дипломатиялық корпус қатысты.
Қазақстан елшісі Уәлихан Төреханов өзінің құттықтау сөзінде екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастың жоғары деңгейін, стратегиялық әріптестік, өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жайлы атап өтті.
Салтанатты концерт барысында қазақтың халық әндері мен күйлері, Ш. Қалдаяқов, Н. Тілендиев, М. Байбосынов және басқа да авторлардың белгілі шығармалары орындалды.