Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Астана қаласында Қазақстанның Әскери-әуе күштері базасының аумағында өтіп жатқан қару-жарақ және әскери-техникалық мүліктердің бірінші халықаралық “KADEX-2010” көрмесінде болды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Көрмеге әлемнің жиырмадан астам елінің 200-дің сыртындағы компанияларының қару-жарақ пен әскери техника, ІT-технологиялар мен байланыс, құрылыс және инфрақұрылым, сол сияқты, тылдық мүліктер мен әскери медицина саласындағы өнімдері қойылған.
Премьер-Министрге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-техникалары мен арнайы бөлімшелерінің қатысуымен үлгілік сипаттағы бағдарлама көрсетілді.