Тағы екі облыста ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде қозғалыс уақытша шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚазАвтоЖол таратқан ақпаратқа сәйкес, Алматы облысында «Көкпек-Кеген-Түп» тасжолының Көкпек ауылынан Кеген ауылына дейінгі және «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» күре жолының Байсейіт ауылынан Шонжы ауылына дейінгі аралықтарында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінің өздігінен түсу қаупіне байланысты «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов» тасжолында Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.Автожолдарды қардан тазалау үшін 420 бірлік жол пайдалану техникасы және 540-тан астам қызметкер жұмылдырылды.