Қарағанды қаласының Республика даңғылы № 18/2 тұрғын үйдегі өрттің себебі айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«8-қабаттағы 3 бөлмелі пәтердің жатын бөлмесіндегі ашық от көзі өртке себеп болған. Пәтерден жарылысқа әкелуі мүмкін газ құралдары мен басқа құралдар табылған жоқ. Жарылыс сияқты ықтимал дыбыс зардап шеккен ер адамның 8-ші қабаттан көліктің төбесіне құлауы болуы мүмкін. Жарылыстың болмағаны едендерде, қабырғаларда және бөлімдерде зақымданудың жоқтығынан да көрінеді», делінген Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қазір барлық тұрғындар өз пәтерлеріне оралды. Үйдің жылумен жабдықталуы бұзылмаған. Электрмен жабдықтау үйге қосылған.
1979 жылы туған зардап шеккен адам түрлі жарақаттармен Қарағанды қаласының орталық ауруханасында емделіп жатыр. Өрт болған уақытта және ауруханаға жатқызу кезінде зардап шеккен адам қатты мас күйінде болған.