• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Қаңтар, 2023

Астанадағы Алаш көпірінің жолы жарылып кетті

187 рет
көрсетілді

Елорда әкімдігі бұл көпірдің бұған дейін апатты деп танылғанын айтты. Осыған байланысты жол өтпесінің оң жағы жөнделді, оның қозғалысы 2022 жылдың жазында ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жуырда ғана екі жылдық жөндеуден кейін ашылған Алаш көпірінің жолы тағы жарылып кетті. Елорда әкімдігі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

«Алты ай бұрын көпірдің оң жағы ғана жөнделген. Көлденең асфальтбетон жабынының ішінара деформациясы жөндеу жүргізілмеген жол өтпесінің сол жағында орын алды. Осыған байланысты жол учаскесі жол белгілерімен белгіленіп, авариялық учаскені қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізіледі», делінген әкімдік хабарламасында.