• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Қаңтар, 2023

COVID-19: АҚШ-та төтенше жағдай режимі ұзарды

179 рет
көрсетілді

АҚШ Денсаулық сақтау министрлігі елдегі COVID-19 пандемиясының төтенше жағдай мәртебесін ұзартты. Бұл миллиондаған америкалыққа вакцина мен ем-дом шараларын тегін алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-тағы ТЖ режимі алғаш рет 2020 жылдың қаңтарында жарияланды, содан бері ол әр тоқсан сайын ұзартылып келеді.

Reuters агенттігі хабарлағандай, өткен жылдың қараша айында Байден әкімшілігінің шенеуніктері қыс мезгілінде сырқаттанушылық деңгейі артуы мүмкін екенін ескеріп, елдегі ТЖ режимін тағы ұзарту қажет екенін айтқан.

Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін жеке және мемлекеттік медициналық сақтандыру компаниялары америкалықтардың көпшілігі үшін емдеу шығындарын өз мойнына алады.

Айта кетсек, ТЖ режимі аясында Америкада вакциналар мен дәрі-дәрмектің қолжетімділігі  артты, нәтижесінде пандемия ауқымы да айтарлықтай қысқарды.