Сәрсенбі күні Ауғанстан Сыртқы істер министрлігі ғимаратының алдында жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы әлеуметтік желілерде Талибан әкімшілігі жанындағы Кабул полиция департаментінің өкілі Халид Задран ақпарат таратты.
Оқиға орнына қауіпсіздік күштері жұмылдырылып, министрлік ғимаратына апаратын жолдар жабылды.
Алдын-ала ақпарат бойынша жарылыс салдарынан 21 адам қайтыс болды. Зардап шеккендер астанадағы ауруханаларға жеткізілген.
Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.