• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Қаңтар, 2023

Алматыда тұрғын үйден өрт шықты

215 рет
көрсетілді

Бүгін Алматыда Абай даңғылында орналасқан үйдің екінші қабатында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сағат 14:31-де Абай даңғылы, 89 мекенжайында өрт шыққаны туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді.

Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар төрт қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шыққанын анықтады.

«Газ-түтіннен қорғау қызметкерлері адамдардың бар-жоғын тексерп жатыр. Штабтың жұмысы жолға қойылды. Солтүстік-батыс жағынан өрт сөндіру сатысы іске қосылды. Өрт сөндірушілер өрт баспалдағын орнатып, әйелді аман алып қалды. Құтқарушылар қауіпсіздік мақсатында электр қуатын уақытша өшірді», деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі..