Жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 67-орында тұрған италиялық Элизабетта Коччаретомен шеберлік байқасады.
Рейтингте 51-сатыдағы Юлия Путинцева әлемнің 43-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен кездеседі.
Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик рейтингте өзінен төрт саты жоғары тұрған испаниялық Алехандро Давидович-Фокинадан өтуге тырысып көреді.