Ұлттық Ұлан сарбаздары мен кинологтар Талдықорған қаласының 45 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол «Болашақ» шағын ауданындағы өзінің пәтерін есірткі саудасына айналдырған. Ер адам шамамен 14 грамм марихуананы сату кезінде ұсталды. Күдіктінің тұрғылықты жерінен синтетикалық есірткіге жататын 83 грамм «Пирролидин» табылды. Сонымен қатар тінту кезінде полицейлер атыс және травматикалық қарудың оқ-дәрілерін тапты.Іс жүзінде қылмыстық тергеу амалдары басталды. Ұсталған адам қамауға алынды.