14 қаңтарда Лондонның орталығындағы атыс кезінде үш әйел мен бір балаға оқ тиген. Олар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Белгілі болғандай, көліктегі белгісіз адамдар Эстон станциясы маңындағы шіркеу жанындағы көшедегі адамдарға оқ жаудырған.
«Оқиға орнында полиция қызметкерлері жүр. Жедел тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әзірге ешкім ұсталған жоқ», деп хабарлады елордалық полиция департаменті.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.