Грузин және кеңес әртісі, киноактер, кинорежиссер, эстрада әншісі және бірнеше әннің авторы Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Вахтанг Кикабидзе 1938 жылы шілденің 19-ында Тбилиси қаласында дүниеге келген. Грузияның халық әртісі. Орысша және гүржі тілінде бірнеше әндердің авторы әрі орындаушысы.
Кикабидзенің режиссерлік жұмыстары – «Будь здоров, дорогой» (1981 ж.) және «Мужчины и все остальные» (1985 ж.).
Ол кеңес кинематографының әйгілі фильмдерінің бірі – Георгий Данелия түсірген «Мимино» фильмінде бас кейіпкердің рөлін ойнаған.