• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Білім 16 Қаңтар, 2023

Венгрияда оқуға арналған гранттарға құжат қабылдау аяқталады

205 рет
көрсетілді

Stipendium Hungaricum стипендиялық бағдарламасы бойынша Венгрияда оқуға арналған гранттарға құжат қабылдау жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Үкіметаралық гранттар аясында Мажарстан университеттеріне түсу үшін құжат қабылдаудың аяқталуына 2 күн қалды. Құжаттар 2023 жылғы 18 қаңтарға дейін Egov.kz порталында қабылданады.

Айта кетейік, Мажарстан Қазақстан бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға арналған 250 грантты жыл сайын бөледі.