Әлеуметтік желіде «Цефтриаксон» антибиотігін қолданған Алматы қаласының 18 тұрғыны қайтыс болды деген ақпарат тарап жүр, деп хабарлайды Egemen.kz Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты дәріханалар аталмыш препаратты саудадан алып тастағаны туралы ақпарат шықты. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
- «Цефтриаксон» антибиотігінің жағымсыз әсері туралы немесе оны қолданған науқастың өлімі туралы ешқандай деректер тіркелмеген. Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және Алматы қаласындағы департаментіне мұндай шағымдар келіп түскен жоқ», - делінген министрлік хабарламасында.
Айтолған ЖҮНІСХАН,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті