Сенегалдың солтүстігінде автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 19 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бүгін Сенегалдың солтүстігінде автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан кемінде 19 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жараланды.
Билік Луга аймағындағы Сакала маңында болған қақтығыстың себептерін анықтап жатыр.
Еске салайық, 8 қаңтарда Сенегал орталығындағы Кафрин аймағында екі автобустың қатысуымен ауыр жол апаты болып, 42 адам қайтыс болды.