Екібастұз қаласында жылу желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті басылымның мәліметінше, №82 орталық жылу пунктінен Сәтпаев көшесі, 22 үй, №1 корпусқа дейінгі аумақта жерасты құбырларының зақымдалуын жою жұмыстары жүргізіледі.
«Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС төрт көпқабатты үйді жылудан ажырату таңғы сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін созылатынын айтты.
Бұған дейін 16 қаңтарда Екібастұзда жеке сектордағы бірқатар үй уақытша жылусыз қалатыны хабарланған еді. Екібастұз ЖЭО жөндеу жұмыстары қаңтар айының соңына дейін тұрақталады деп уәде беріп отыр.