Сағыныш Алдонғаров 1986 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кентінде дүниеге келген.
2008 жылы Қарағанды политехникалық университеті инженер геолог мамандығы, 2010 - Қарағанды экономикалық университеті банк ісі бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Ұлттық банктің Қарағандылық филиалында кассалық жұмыс инспекторы болып бастаған.
2010-2017 жылдары аралығында Ұлттық банктің қарағандылық филиалының Қолма-қол ақшамен және қассалық операциялармен жұмыс істеу бөлімінің жетекші инженері, жетекші маман инженері; 2017-2022 жылдары ҚР Ұлттық банкінің қарағандылық филиалының Қолма-қол ақшамен және қассалық операциялармен жұмыс істеу бөлімінің бастығының орынбасары, бастығы болып еңбек еткен.
Осыған дейін Ұлттық банктің Ұлытау облысындағы филиалы директорының орынбасары болған.