Талғат Уәли ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі - баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талғат Қанатұлы Уәли 1988 жылы Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген.Бұған дейін ҚР ТЖМ ресми өкілі болған. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінде жұмыс істеген.2009 жылы «Қайнар» Семей университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2010 жылы Семей қалалық ТВК-6 телеарнасының журналисі болып бастаған.
2011 жылы «Qazaqstan» РТРК Семей филиалында жетекші редактор болған.
2012 жылы «ЭРА» телекомпаниясы» ЖШС (7 арна) жаңалықтар қызметінде журналист, 2015 жылы «Хабар» Агенттігі» АҚ жаңалықтар қызметінде журналист, 2016 жылдан бастап «Atameken Business Channel» телеарнасының жаңалықтар қызметінде президенттік пулдың арнайы корреспонденті, тележүргізушісі және журналист болып қызмет атқарған.