19 қаңтарда «Пари Сен-Жермен» «Әл-Наср» және «Әл-Хилял» ойыншыларынан құралған командаға қарсы жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осыған байланысты Сауд Арабиясында өткен қайырымдылық аукционында арнайы билет сатылымға шығарылған еді. Билеттің ойыншылармен суретке түсу және командалардың киім ауыстыратын бөлмелеріне кіру мүмкіндігі сияқты артықшылықтары бар.
Баға 1 миллион сауд риалынан басталып, наәтижесінде 10 миллион риалға (2,4 миллион еуро) сатылған. Жиналған қаражат ұлттық қайырымдылық қорына жіберіледі.
Алдағы матчта «Аль-Насра» командасының жаңа ойыншысы Криштиану Роналду өнер көрсетуі мүмкін.
Айтолған ЖҮНІСХАН,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті