• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Қаңтар, 2023

Биыл жеке кәсіпкерлердің медициналық сақтандыру жарнасы көбейеді

384 рет
көрсетілді

2023 жылы жеке кәсіпкерлер үшін белгіленген жарналар сомасы өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бұған түсніктеме берді.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға бағытталатын жарналар мен аударымдардың мөлшері заңда бекітілген, олар өзгеріссіз қалды. Алайда АЕК және ЕТЖ сияқты базалық қаржылық көрсеткіштердің ұлғаюына байланысты өзін-өзі жұмыспен қамтитындар мен жеке кәсіпкерлер үшін жарналар сомасы біршама өзгереді», деп қысқа қайырды қор өкілдері.

Осылайша, 2023 жылғы жарналар сомасы:

Жұмыс берушілер үшін – жалақы мөлшерінің 3%-ы, алайда жалақы мөлшері 10 ЕТЖ-дан (700 мың теңге) аспауы тиіс. Жұмыс берушінің ең жоғары аударымы - айына 21 мың теңге; Жалдамалы жұмыскерлер мен МЖӘ шарты бойынша жұмыскерлер – өз табысының 2%, мүмкін болатын ең жоғары жарна - 14 мың теңге; Жеке кәсіпкерлер үшін – 1,4 ЕТЖ-ның 5%-ы, яғни 4 900 теңге; Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар (БЖТ төлеушілер) – республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін БЖТ мөлшері 1 АЕК, яғни 3 450 теңге; қалған елді мекендердің тұрғындары үшін БЖТ 0,5 АЕК, яғни 1 725 теңгеге тең; Дербес төлеушілер – 1 ЕТЖ-ның 5%-ы, яғни 3 500 теңге; Арнайы салық режимдерін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері – жұмыс берушілер үшін бірыңғай төлем ставкасының 15%-ы, ал қызметкерлер үшін 10%-ы.                 

Естеріңізге сала кетейік, биыл ЕТЖ – 70 мың теңге, ал АЕК – 3 450 теңге болып белгіленді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          Гүлшахра САНСЫЗБАЙ