• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 18 Қаңтар, 2023

Білім беру қызметтерінің бағасы 15 пайызға қымбаттаған

218 рет
көрсетілді

2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша білім беру қызметтерінің бағасы 14,5 пайызға өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы сектордағы ең үлкен өсім байқалған бестіктің көшін Атырау облысы бастап тұр. Онда баға бірден 60,4 пайызға өскен. Түркістан облысында - 28,2 пайызға, Қарағанды облысында - 21,9 пайызға, ШҚО-да - 19,9 пайызға, Павлодарда - 19 пайызға қымбаттаған. Ең төменгі өсім - 5,3 пайыз Алматы облысында тіркелген.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру түрлерінің қызметтері - 11,1 пайызға, орта білім – 9,6 пайызға, кәсіптік орта білім – 20,2 пайызға, ересектерге арналған білім – 15,9 пайызға қымбаттады.

Өткен жылмен салыстырғанда 2022 жылдың үшінші тоқсанында білім беру саласындағы қызмет көлемі 949,8 млрд теңгеге яғни 17,4 пайызға өскен. Білім беру саласындағы қызметтердің басым бөлігі бюджет есебінен көрсетілген (836, 6 млрд теңге). Халық есебінен 90,4 млрд теңгені құраса, кәсіпорындар есебінен 22,9 млрд теңгені құраған. Білім беру түрлері бойынша қызметтердің ең көп көлемі базалық және жалпы орта білімге тиесілі (444,9 млрд теңге және жылына 12,5 пайыз). Мектепке дейінгі білім беру және кәсіптік даярлық саласындағы қызметтер көлемі 158,7 млрд теңгеге, жоғары білім беру саласында 110,2 млрд теңгеге жеткен.

Өңірлік бөліністе қызметтердің ең көп көлемі Алматыда байқалған (113,1 млрд теңге),  өткен жылға қарағанда 16,6 пайызға көп. Сондай-ақ Астана (98,8 млрд теңге, жылына 61,3 пайыз) мен Түркістан облысы да (98,7 млрд теңге, 29,1 пайыз) үштікке кірді.

Сектордағы қызметтердің ең аз көрсеткіші Ұлытау, Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарына тиесілі.

 

 

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті