• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Қаңтар, 2023

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарына қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды

307 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілерде тағы бір фейк тарады. Бұл жолы зейнеткерлер өздерінің зейнетақы жинақтарының 50%-ын ала алатыны жайлы ақпарат қоғамды дүрліктірді. БЖЗҚ баспасөз қызметі бұған қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Республикасының заңнамасында зейнеткерлердің тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануы:

Егер зейнетақы мөлшері алушының орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленген 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе көзделген. Біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан алғашқы электрондық хабарламаны алған күні салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс.

«Осыған байланысты БЖЗҚ әлеуметтік желілерде тарап жүрген жинақтардың 50%-ын алу мүмкіндігі туралы жалған хабарламаларды елемеуге кеңес береді. Оның үстіне, БЖЗҚ барлық операцияларды тегін жүргізеді», делінген қордың ресми хабарламасында.