Бангкокта Қазақстан өкілдерінің қатысуымен бокстан 22 жасқа дейінгі Азия жастар біріншілігі басталды. Жарыстың бірінші күнінде рингке екі қазақстандық шығып, жекпе-жегін сәтті аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған турнирді еліміздің ересектер құрамасының көшбасшыларының бірі Санжар Ташкенбай ашты. Титулды және талантты боксшы 48 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалда Қырғызстан өкілі Анваржан Ходжиевті жеңді. Оның артынан Бангкок рингіне тағы бір боксшымыз Махмуд Сабырхан шықты, ол ЧА-2023 стартында 57 келіге дейінгі салмақта өзбек Мырзабек Мырзахалиловты жеңді.
19 қаңтарда ЧА-2023 кестесі бойынша шаршы алаңға қыздар да шығады:
48 кг Анель Құдайберген - Фарзона Фозилова (Өзбекстан) 50 кг Мөлдір Тойкова - Мариэль Таландрата (Филиппин) 52 кг Жансая Рахимберды - Тхи Хой Нгуен (Вьетнам) 57 кг Виктория Графеева - Натнича Чонгпронгкланг (Тайланд).Азия біріншілігі 26 қаңтарда аяқталады.